| 20.12.2011 - Жаңаөзен оқиғасы бойынша қоғамдық комиссия құрылды |
|
Бүгін Алматыда ұлттық баспасөз клубында Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаларды тергеу бойынша тәуелсіз қоғамдық комиссия құрылды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
Комиссияның құрамына кіргендердің арасында жазушылар Ғаббас Қабышев пен Софы Сматаев, "Азат" ЖСДП-ның өкілдері Әміржан Қосанов, Болат Әбілов, тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов, "Guljan.org" сайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева, экономист Мұхтар Тайжан бар. Баспасөз конференциясын өткізген ұйымдастырушылар комиссия мүшелерінің ертең таңертең Ақтауға ұшып кететіндерін жеткізді.
Желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзендегі оқиғадан 14 адам қаза тауып, ондаған адам оқ тиіп жараланған соң қалада төтенше жағдай жарияланды. Коменданттық сағат тәртібі қаңтардың 5-іне дейін жалғасады.
|