06.02.2012 - Ұлтым деген ерлерді қорғай білейік!
Биылғы сайлауға үлкен үмітпен қараған едік. Ұлт жанашырларын да Парламенттен көреміз деген сеніміміз бос қиялға айналды. Жағанованың «жағымсыз» әрекеті «Руханиятты» партиялық тізімнен ғана шығарып қоймады, ұлт мүддесі үшін күресіп жүрген азаматтарға қиянат болды. «Ақжол» партиясының басшылығы партия құрамындағы елім деп жүрген тұлғаларды «алдап» кетті. Әйтпесе тым құрығанда біз білетін азаматтардың біреуі болса да Мәжіліс депутаты атанар еді.
01.02.2012 - Оппозицияның тағы екі белсендісіне айыппұл салынды
Алматы қаласының әкімшілік соты қаңтардың 28-нде өткен рұқсат етілмеген шеруге қатысқан екі белсендіге айыппұл төлеуге үкім етті.
01.02.2012 - Заңсыз митинг өткізген оппозиция өкілдерінің туыстары олардан хабар ала-алмай алаңдаулы
Қазір ғана келіп түскен ақпарат. Бұған дейін Жаңаөзен оқиғасына қатысты күдікті ретінде тергеліп жатқан Жанболат Мамайға енді Қылмыстық Кодекстің 164-бабының 3-тармағы бойынша, "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айып тағылды. Бұған дейін ол "айыпталушы" емес, күдікті ретінде тергеуде болған.
30.01.2012 - Шеруге шыққандар сотқа шақырылды
Қаңтардың 28-інде өткен шеруге қатысқан белсенділер сотқа шақырылды. Шеруде "Халыққа от атқан үкімет отставкаға кетсін" деген плакаттар болып, наразылар Жаңаөзен оқиғасына байланысты қамалған оппозициялық белсенділерді босатуды талап етті.
28.01.2012 - Митингіден соң ЖСДП жетекшілері мен белсенділері қамалды
Алматыда ЖСДП белсенділері өткізген митингіде сайлау қорытындысына наразылық білдіріліп, Жаңаөзендегі полиция күштерінің оқ атуы айыпталды. Жиын тыныш аяқталғанымен, соңыра оппозицияның кейбір жетекшілерін полицияға алып кетті. Сот ЖСДП басшыларын әкімшілік жауапқа тартты.
17.01.2012 - Әміржан Қосанов: «Парламентке енбеген саяси күш алаң мен көшеге шығары хақ»
-Әбеке, ЖСДП сайлауалды штабын басқардыңыз. Сайлау қорытындысы туралы не айтасыз?
-Не айтайын? Белден басу! Көпе-көрінеу қарақтық! Саяси арандату!
Білесіз бе, бұл сайлаудың қазіргі қоғамдағы билік пен оппозиция арасындағы арақатынасқа әсерін тигізер бір үлкен салдары бар. Осы күнге дейін ел ішіндегі мәселелерге үлкенді-кішілі сын айтылғанда, көбіне-көп президентке биліктің барлық тармақтарынан бөлек те биік тұрған институт ретінде жүгінуші еді көпшілік. Енді мынадай масқарадан кейін сол сын оның өзіне тікелей бағытталары хақ.
17.01.2012 - Оппозиция Алматының орталық алаңында жиын өткізді
Сейсенбіде Алматыдағы Тәуелсіздік ескерткіші жанында оппозиция белсенділері өткен парламент сайлауының алдын ала ресми нәтижесін мойындамайтындарын мәлімдеп, наразылық ретінде сайлау хаттамаларының көшірмелерін өртеді.
17.01.2012 - Әміржан Қосанов: «Парламентке енбеген саяси күш алаң мен көшеге шығары хақ»
-Әбеке, ЖСДП сайлауалды штабын басқардыңыз. Сайлау қорытындысы туралы не айтасыз?
-Не айтайын? Белден басу! Көпе-көрінеу қарақтық! Саяси арандату!
Білесіз бе, бұл сайлаудың қазіргі қоғамдағы билік пен оппозиция арасындағы арақатынасқа әсерін тигізер бір үлкен салдары бар. Осы күнге дейін ел ішіндегі мәселелерге үлкенді-кішілі сын айтылғанда, көбіне-көп президентке биліктің барлық тармақтарынан бөлек те биік тұрған институт ретінде жүгінуші еді көпшілік. Енді мынадай масқарадан кейін сол сын оның өзіне тікелей бағытталары хақ.
16.01.2012 - ЖСДП: «Сайлау қорытындысы бұрмаланса, наразылық шарасына шығамыз»
Парламент сайлауының алдын-ала қорытындысы шықпай жатып, президент Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы мүшелерін «сенімді нәтижелермен жеңіске жеткенімен» құттықтап үлгерді. Оппозиция сайлау қортындысы әділ шығарылмаса наразылық акциясына шығатынын ескертті.
12.01.2012 - Қатыгез билiктiң қитұрқы ойынына қатыспаймыз!
Бiз, Мәжiлiс сайлауына Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тiзiмi бойынша депутаттыққа кандидат болып тiркелген үмiткерлер – Рысбек Сәрсенбай, Серғазы Мұхтарбек 2012 жылғы 15 қаңтардағы сайлауға қатысудан бас тартатынымызды мәлiмдеймiз.
12.01.2012 - Зиялы қауым бар бiзде жасқанбайтын
“Жас Алаш” газетiнiң ұйымдастыруымен дүйсенбi күнi өткен “Зиялы қауым, бармысың?!” атты кездесуге бiр топ интеллигенция өкiлдерi жиналды. Жаңаөзен оқиғасы жиында талқыланған тақырыптың өзегiне айналды. Зиялылар өз халқына оқ атуға бұйрық бергендердi сынап қана қоймай, жауапқа тарту керек деген тоқтамға келдi. Саяси мәселенi төтесiнен қойған зиялылар Ақылдастар алқасын құрып тарасты. Зиялылардың бiр тобы Н.Назарбаев кетуi тиiс десе, ендi бiрi ең алдымен оның айналасын кетiру керектiгiн айтты.
10.01.2012 - «Билік атымызға кір келтірмек» дейді «Азат» ЖСДП
«Азат» ЖСДП өкілдері Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, «билік сайлау алдында бізге қарсы «қара пиар» жасап отыр» деп мәлімдеді. Өткен аптада ресми ақпарат құралдары «ЖСДП-ның Алматы облыстық филиалының төрт мүшесі партия құрамынан кетті», «елдің шығысында жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының қатарынан 30 мүшесі шығып кетті, енді олар «Ақжол» партиясына өтуге өтініш бермек» деген хабар таратқан еді.
06.01.2012 - Алматыда Жаңаөзен құрбандарын еске алды
Қаңтардың 6-сы күні Алматыда Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаларға байланысты құрылған қоғамдық комиссия мүшелері мен жұртшылық өкілдері сол оқиғаларда құрбан болғандарды еске алып, халыққа оқ атқандарды жауапқа тарту туралы талап қойды. Алматының орталық алаңындағы тәуелсіздік ескерткішінің маңына жиналған ондаған адам қаза болғандардың рухына құран бағыштап, гүл шоқтарын қойды.
20.12.2011 - Жаңаөзен оқиғасы бойынша қоғамдық комиссия құрылды
Бүгін Алматыда ұлттық баспасөз клубында Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаларды тергеу бойынша тәуелсіз қоғамдық комиссия құрылды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
15.12.2011 - МЕРЕЙТОЙ ЕМЕС, МЕРЕЙ... ОЙ немесе түйткiлдi Тәуелсiздiк туралы
Әмiржан ҚОСАНОВ, «Азат» ЖСДП-ның хатшысы
26.11.2011 - ЖСДП оппозиция атынан сайлауға түсетінін мәлімдеді
Жалпыұлттық социап-демократиялық партия кезектен тыс парламент сайлауына оппозиция атынан жалғыз түскелі отыр. Қарашаның 26-сы күні Алматыдағы съезде 57 адамнан тұратын партиялық сайлау тізімі бекітілді. Сенбі күні Алматыдағы "Қазақконцерт" залында 9-шы съезін өткізген Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 2012 жылы қаңтардың 15-іне белгіленген кезектен тыс парламент сайлауына түсетін тұғырнамасын айқындап, 57 адамнан тұратын партиялық сайлау тізімін бекітті.
25.11.2011 - “Халық майданы” “Азат” ЖСДП-ны қолдайды
Алдағы парламент сайлауында “Халық майданы” коалициясы “Азат” ЖСДП-ны қолдайтын болды. Бұл туралы “Халық майданы” коалициясының баспасөз орталығы хабарлады.
24.11.2011 - Болат ӘБIЛЕВ, “Азат” ЖСДП партиясының тең төрағасы: Билiк есiрткiге елiткен нашақор сияқты
Сайлауға санаулы күн қалды. “Нұр Отаннан” басқа саяси партиялар қалтасын қағып, талайдан берi жиюлы тұрған теңiн ақтара бастады. Бәйгеге кiмдi қосамыз, кiм бiзге ұпай әпередi деп сабылып әуре. “Билiк парламентке “Нұр Отанмен” бiрге Перуашевтың “Ақ жол” партиясын өткiзедi екен” деген сыбыс расқа айналып келедi. Өйткенi коммунистер де “алғалықтар” да бұл сайлауға қатыса алмайды. Ендеше, “Нұр Отанға” бiрден-бiр шынайы бәсекелес – “Азат” ЖСДП болмақ. “Азат” ЖСДП-ның тең төрағасы Болат Әбiлевтен алдағы сайлаудың жай-күйi мен елдегi саяси жағдайдың мән-жайын сұраған едiк.
24.11.2011 - СIЗ КIМГЕ ДАУЫС БЕРЕСIЗ?
Ұлтты сақтап қалу үшiн депутат болу керек пе, әлде депутат болу үшiн ұлтты “пайдалану” керек пе?
22.11.2011 - «Азат» ЖСДП орталық сайлау комиссиясына наразы
«Билік сайлау барысына араласуымызға кедергі жасап отыр» деп мәлімдейді партия басшылары. Алайда орталық сайлау комиссиясы «тек заң шеңберінде ғана жұмыс істейтінін» айтады.
Страницы: 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10
Архив по годам: Query: SELECT a.Banner_ID, a.Campaign_ID, d.Type, h.BannerSize_Name, d.File, d.Alt, d.Text, g.Field_ID, d.NewWindow FROM Banner_CampaignBanner AS a, Banner_CampaignZone AS b, Message30 AS c, Message28 as d, Message29 AS e, Message32 AS f, Field AS g LEFT JOIN Classificator_BannerSize AS h ON h.BannerSize_ID=d.Size LEFT JOIN Message31 AS i ON f.Message_ID=i.Script WHERE ((c.Start<=IF(c.Start IS NOT NULL,NOW(),0) AND c.Stop>IF(c.Stop IS NOT NULL,NOW(),0)) AND IF(c.Shows IS NOT NULL,(c.Showed+1),0)<=IF(c.Shows IS NOT NULL,c.Shows,0)) AND a.Campaign_ID=b.Campaign_ID AND c.Checked=1 AND a.Campaign_ID=c.Message_ID AND c.Message_ID=2 AND b.Zone_ID='1' AND b.Zone_ID=e.Message_ID AND ((e.Site='3' AND e.Section IS NULL) OR (e.Site='3' AND (e.Section='423' )) OR ((e.Section='423' ) AND e.Site IS NULL) OR (e.Class='288' AND e.Object='0') OR (e.Class='288' AND e.Object IS NULL)) AND f.Message_ID = d.Script AND d.Status=1 AND d.Checked=1 AND c.Size=d.Size AND d.Size=e.Size AND a.Banner_ID=d.Message_ID AND f.Message_ID=d.Script AND
f.TimeZone9=1
AND
f.Day2=1
AND
(
(
(
i.Site!='3'
OR
i.Site IS NULL
)
AND
i.Section IS NULL
AND
i.Class IS NULL
AND
i.Object IS NULL
)
OR
(
(
i.Section!='423'
OR
i.Section IS NULL
)
AND
i.Class IS NULL
AND
i.Object IS NULL
)
OR
(
i.Class!='288'
AND
i.Object IS NULL
)
OR
(
i.Class IS NULL
AND
i.Object!='0'
)
OR
(
i.Object!='0'
OR
(
i.Class!='288'
AND
i.Object IS NOT NULL
)
)
OR
(
i.Site IS NULL
AND
i.Section IS NULL
AND
i.Class IS NULL
AND
i.Object IS NULL
)
) AND g.Class_ID=28 AND g.TypeOfData_ID=6 AND g.Field_Name='File' ORDER BY RAND() LIMIT 1
Error: Unknown column 'd.Size' in 'on clause'
2006; 2007; 2011; 2012;
|