Қызметі       
 
 

 
 
 
  • Мәлімдемелер, үндеулер
  • Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар
  • БАҚ жарияланымдары
  • Бастамалар мен заңжобалары
  • Iздеу  
    СIЛТЕМЕЛЕР  
    -
    ОСДП АЗАТ / Қызметі / Мәлімдемелер, үндеулер / 16.12.2011 - Жаңаөзендегі оқиғаны шұғыл реттеу жөніндегі шаралар туралы
    16.12.2011 - Жаңаөзендегі оқиғаны шұғыл реттеу жөніндегі шаралар туралы
      Версия для печати

    Жалпыхалықтық социал-демократиялық партисының (ЖСДП) МӘЛІМДЕМЕСІ

    16 желтоқсан күні Жаңаөзенде жаппай тәртіпсіздіктер орын алған, ресми деректер бойынша 10 адам, ал бейресми деректер бойынша бірнеше ондаған адам қаза тапқан, бірнеше ғимарат өртелген. Сонымен қоса, ақпараттың тым аздығы және ресми тұлғалардың оқиғаны тым сараң түсіндіруі – бірқатар танымал медиасайттардың ашылмай қалуы және Жаңаөзендегі телефон байланысының өшірілуі салдарынан, орын алған оқиғаға қатысты алаңдаушылығымыз ұлғая түсуде.    
    Осы аралықта, бұл оқиға үлкен сауалдар туындатады. Ол сұрақтардың ең бастысы, дәл қандай жағдай полицияны қарусыз адамдарға оқ атуға мәжбүрлеген – оқ ықтимал көше тәртіпсіздіктеріне арналған арнайы құралдарды қолданбастан бірден атылған ба? Құқықтық тәртіпті қалпына келтіру жөніндегі шаралардың заңның және азаматтардың құқығын сақтау аясында жүргізілетініне кепілдік қайсы?    
    Біз осы сауалдардың күңгірттігі бүкіл Маңғыстау аймағы, мүмкін тіпті, бүкіл ел үшін күтпеген салдарларға әкеп соғуы мүмкін деп есептейміз. Осыған байланысты, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы билікті жедел түрде  мынадай қадамдар қабылдауға шақырады.  
    1. Ереуілші мұнайшылар мен бүкіл Жаңаөзен халқына қатысты заңдылықтарды сақтау.  
    2. Жаңаөзендегі оқиғаға қатысты ақпараттық кедергілерді алу, ашылмай қалған интернет-сайттардың жұмысын қалпына келтіру, болып жатқан жайттар турасында республикалық БАҚ-тар арқылы тұрақты түрде нақты да объективті ақпараттар беріп отыру.  
    3.   Құрамында биліктегі жоғары шенділер, ереуілдеген мұнайшылар, жалпы жұртшылық және БАҚ өкілдері бар төтенше комиссия құра отырып, оқиғаны толық әрі объективті түрде зерттеп шығу, оның жұмысының нәтижелерін халыққа жария ету.
        Біз осы қайғылы оқиғаның қалай болғанда да, жергілікті мұнайшылардың ереуілін туындатқан, жеті ай бойына күшейіп кеткен өткір қарсылықтың салдары екеніне сенімдіміз. Осыған байланысты, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы жұмысшылардың заңды талаптарын қолдайтыны туралы кезекті мәрте  мәлімдейді және жұмыс берушілерді, атқарушы билік пен құқыққорғау органдарын еңбек жанжалын шешудің күштік тәсілдерінен бас тартуға және ереуілшілермен шынайы конструктивті диалог орнатуға шақырады!  
    16 желтоқсандағы оқиға ешкімнің де аттап басуына құқығы жоқ сызық салып кетті!   
     
    Алматы қ., 16 желтоқсан 2011 ж.
     

     
       
    "АЗАТ" Жалпыұлттық социал‑демократиялық партиясы - 050000, Алматы қ-сы, Қажымұқан к-сі, 70. Тел. +7 727 296 52 22