| 14.12.2011 - Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы Төралқасының Мәлімдемесі |
|
Биліктен тәуелсіз БАҚ-тарға қарсы зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуды талап етеміз!
Біз Мәжіліске сайлауалды үгіт-насихат шаралары жақындаған сайын биліктің тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарына қысымының қарқынды түрде үдеп бара жатқанына алаңдаулымыз. Жақында ғана Алматы қаласы Медеу аудандық сотының ЭСЖҚА (Қаржы полициясы) төрағасы Қ. Қожамжаровтың зайыбы С. Аханованың талабы бойынша Guljan.org сайты редакциясын 5 миллион теңге төлеуге міндеттеген шешімін осы бір оппозициялық басылымды құртуға арнайы бағытталған әрекет ретінде бағалауға болады. Шындығында, ЭСЖҚА-ның бұрынғы төрағасы С. С. Қалмырзаевтың да осы сайтқа, сондай-ақ, «Свобода слова» газетіне қатысты жалпы сомасы 20 миллион теңгені құраған шағымы осындай сипатқа ие болған. Сонымен қатар, Guljan.org сайты редакциясы іс жүзінде, бірқатар БАҚ ақпараттарында айтылған, қызметкерлерінің озбырлыққа, ұрып-соғу мен бопсалауларға қатысы болған қаржы полициясының тұрақты қысымы жағдайында жұмыс істеуде. Ал 5 желтоқсан күні, баспасөздің хабарлауынша, осы орган қызметкерлері Алматыда 23 жасар Денис Канды өлтірген. Басқа құқыққорғау органдарының қызметкерлері де қылмысты оқиғалардың тұрақты кейіпкерлеріне айналуда. Осыған байланысты, біз ел Президентін ЭСЖҚА қатарындағы және бүтіндей мемлекеттік құрылымдардағы қылмыстарды тезге салуға, тәуелсіз БАҚ-ты осындай «погон таққан қылмыскерлерден» және олардың әріптестерінен арашалауға шақырамыз! Бұдан өзге, жақында Астана қаласының Алматы аудандық соты «Общественная позиция» газетінен және өзге де жауаптылардан «Нұр отан» қызметкері Р. Мадиновтың пайдасына 5 миллион теңге өтемақы төлеу туралы шешім қабылдады. Қазақстандық құқыққорғау ұйымдарының дерегінше, небәрі соңғы айлардың өзінде, соттардың шешімімен, «Голос Республики», «Взгляд», «Стан ТВ» сияқты үш бірдей БАҚ өз жұмысын тоқтатқан , 27 журналист қылмыстық қуғындарға ұшыраған, түрлі редакциялар үстінен жалпы сомасы 3 миллиард доллар көлеміндегі 67 талап түскен. Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясының Президиумы өзінің тәуелсіз БАҚ-тарды қолдайтынын және биліктен қысым мен зорлық-зомбылық көрсетуді дереу тоқтатуды талап ететінін мәлімдейді! Біз Мәжіліс сайлауына сондай-ақ, журналистерді қолдау үшін, қазақстандықтардың сөз еркіндігіне қатысты конституциялық құқығын қорғау үшін және объективті ақпаратқа еш кедергісіз қол жеткізу үшін барамыз. Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы Президиумының мәлімдемесі
Биліктен тәуелсіз БАҚ-тарға қатысты зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуды талап етеміз!
14 желтоқсан 2011 жыл.
|