Қызметі       
 
 

 
 
 
  • Мәлімдемелер, үндеулер
  • Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар
  • БАҚ жарияланымдары
  • Бастамалар мен заңжобалары
  • Iздеу  
    СIЛТЕМЕЛЕР  
    -
    ОСДП АЗАТ / Қызметі / Мәлімдемелер, үндеулер / 17.04.2010 - Құрметті, құрылтай делегаттары!
    17.04.2010 - Құрметті, құрылтай делегаттары!
      Версия для печати

    Құрметті, құрылтай делегаттары!

    Осыдан алты ай (6) бұрын осы залда халықтың ұсынысы бойынша екі партия біріккен. Осы оқиғаға сіздер мен біздер куә. Бірінші күнен бастап халық бізді толығымен қолдады. Алты ай өтті. Бірақ билік бізді әлі күнге дейін тіркеуден өткізген жоқ. Неге? Өйткені билік біздің біріккен «Азат» ЖСДП партиямыздан қ о р қ а д ы. Себебі біздің партия бүгінгі таңдағы қоғамдық мәселелерге өз қозғарастарын өткір әрі тура береді.
    Өздеріңізге белгілі мәселелер: Доктрина туралы, Қытайға жер бергізбеу туралы, Кедендік Одақ туралы.

    1. ДОКТРИНА туралы мәселеге келетін болсақ.
    Құрметті делегаттар, осы доктрина бізге керек пе? Ата-бабаларымыз бүгінгі күнге дейін доктринасыз өмір сүрді. Әрқашан ел бірлігі болған. Менің ойымша бұл доктрина ОБСЕ алдындағы үлкен РR (пиар). Өткен жылы біз он жетінші желтоқсанда доктринаға бірінші болып қарсылығымызды білдіріп, жаңа алаңда митинг өткіздік.

    2. Ендігі мәселе ҚЫТАЙҒА ҰЗАҚ МЕРЗІМГЕ АРЕНДАҒА ЖЕР БЕРУ туралы.
    Қытайға жер беру қайдан шықты? Кімнің ауызынан шықты? Жер беру алғаш рет президент Назарбаевтың ауызынан шықты. Біздің партия бұл мәселеге де бірінші болып өз қарсылығын білдіріп митинг өткізді. Бүгін билік, Қытайға арендаға жер беру туралы жұмған ауызын ашпайды, сөз қозғамайды.

    3. Енді қысқаша КЕДЕНДІК ОДАҚ (КО) туралы.
    Бүгін Қазақстан кедендік одаққа кіруге дайын емес. Біз шет елге шикізат қана шығарамыз. Жеп отырған тамағымыздың елу пайызы (50%) шетелден келеді. Осындай жағдайда отырып, біз қалай кедендік одаққа кіреміз? Осы мәселеге байланысты жүзге жуық белгілі қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері бірігіп, өз наразылықтарын білдірді.

    Міне, айтыңыздаршы, құрметті делегаттар. Қай партия осы мәселені көтерді? «НұрОтан» ба? Жоқ! Ешбір партия! Тек біздің партия, тек «Азат» ЖСДП партиясы өз көзқарасын бірінші болып білдірді. Міне, сондықтан билік бізден қ о р қ а д ы.

    Бес (5) ай бойы біздің құжаттарды қарап, бізді тіркемеген себебі біздің құжаттарда партия басшыларының қызмет атқару мерзімінің көрсетелімегендігін айтады. Сонда бізді бес (5) ай бойы күткен жауабымызды түрі осы ма? Осы бір ауыз сөз бе? Осы бір ауыз сөз үшін біз бүгін құрылтайға жиналып отрымыз.
    Болат ӘБІЛЕВ, 2010, 17 сәуір
     
       
    "АЗАТ" Жалпыұлттық социал‑демократиялық партиясы - 050000, Алматы қ-сы, Қажымұқан к-сі, 70. Тел. +7 727 296 52 22