Қызметі       
 
 

 
 
 
  • Мәлімдемелер, үндеулер
  • Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар
  • БАҚ жарияланымдары
  • Бастамалар мен заңжобалары
  • Iздеу  
    СIЛТЕМЕЛЕР  
    -
    ОСДП АЗАТ / Қызметі / Мәлімдемелер, үндеулер / 06.04.2010 - «Азат» ЖСДП партиясын мемлекеттік қайтатіркеуден өткізуге кедергі келтіру жөнінде» «АЗАТ» ЖСДП мәлімдемесі Әділет министрлігі осымен бес айдан бері әр-түрлі құйтырқыларға жол беріп, «Азат
    06.04.2010 - «Азат» ЖСДП партиясын мемлекеттік қайтатіркеуден өткізуге кедергі келтіру жөнінде» «АЗАТ» ЖСДП мәлімдемесі Әділет министрлігі осымен бес айдан бері әр-түрлі құйтырқыларға жол беріп, «Азат
      Версия для печати

    «Азат» ЖСДП партиясын мемлекеттік қайтатіркеуден өткізуге кедергі келтіру жөнінде»

    «АЗАТ» ЖСДП мәлімдемесі


    Әділет министрлігі осымен бес айдан бері әр-түрлі құйтырқыларға жол беріп, «Азат» ЖСДП біріккен партиясын мемлекеттік қайтатіркеуден өткізуге барынша кедергі келтіруде. Құжаттарды уақытылы қарамау, іске еш қатысы жоқ анықтамаларды сұрау және тағы басқа сылтаулармен тіркеу комисссиясы мен оның жергілікті өкілдіктері заңсыздыққа бой алдыруда. Тіркеуге алынған партияның құрылымына қарай өзгерістер енгізіп қайта тіркеуден өткізу өте жеңіл, бір ай көлемінде ғана жасалатын іс.
    Мәселен, 31 наурыз күні тіркеу комиссиысының басшысы А.Аманбаевтан тіркеудің тоқтатылғаны жөнінде ескерту келді. Ондай шешімге партияның жарғысында тең төрағалар мен жауапты хатшының жұмыс мерзімі белгіленбегені сылтау болған.
    Ал ҚР «Саяси партиялар туралы» заңының 9-бабында көрсетілгендей мерзім тек билеуші органдарга ғана міндетті, оның партия жетекшілеріне еш қатысы жоқ. Сол үшін де президенттік «НұрОтан» партиясының жарғысында да оның жетекшісі Н.Назарбаевтың жетекшілік ету мерзімі көрсетілмеген. Бірақ, ол комиссияға партияны мемлекеттік тіркеуден өткізуді бірнеше күнде ғана жасауға кедергі келтірген жоқ.
    Осы себептен де біз тіркеу комиссиясы жұмысында саяси астардың бар екенін ашық айта аламыз. Бұл биліктің өзінің мемлекет күшін өзінің саяси қарсыластарына қарсы жұмсап жатқанын көрсетеді.
    «Азат» ЖСДП партиясының басты мақсаты халықтың мұң-мұқтажын жеткізіп, өз жақтастарымызға қолдау көрсету екенін тағы бір қайталаймыз. Біздің ісіміздің басты ұраны да осы құндылықтар болмақ. Шенеуніктердің бұлтарқы қылықтары бізге қоғамда бостандық пен әділдік орнатуға кедергі келтіре алмайды.
     
       
    "АЗАТ" Жалпыұлттық социал‑демократиялық партиясы - 050000, Алматы қ-сы, Қажымұқан к-сі, 70. Тел. +7 727 296 52 22