Қызметі       
 
 

 
 
 
  • Мәлімдемелер, үндеулер
  • Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар
  • БАҚ жарияланымдары
  • Бастамалар мен заңжобалары
  • Iздеу  
    СIЛТЕМЕЛЕР  
    -
    ОСДП АЗАТ / Қызметі / Мәлімдемелер, үндеулер / 23.02.2010 - «АЗАТ» ЖСДП «ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ РЕФОРМАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЫҚПАЛДАСТЫҚ КЕҢЕС ҚҰРУ ТУРАЛЫ» МӘЛІМДЕМЕСІ
    23.02.2010 - «АЗАТ» ЖСДП «ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ РЕФОРМАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЫҚПАЛДАСТЫҚ КЕҢЕС ҚҰРУ ТУРАЛЫ» МӘЛІМДЕМЕСІ
      Версия для печати

    «АЗАТ» ЖСДП «ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ РЕФОРМАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЫҚПАЛДАСТЫҚ КЕҢЕС ҚҰРУ ТУРАЛЫ» МӘЛІМДЕМЕСІ

    Электр энергиясының, жылудың, су мен газдың бағасын монополистер өз қалауларынша көтерген соң, іле шала басқа да бағалар өсіп шыға келді. Осындай жаппай қымбатшылық салдарынан қазіргі уақытта елде әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздықтың пайда болу мүмкіндігі өте зор.
    Ырыққа көнбей, бей-берекет кеткен тарифтер тек үстіңгі беті ғана көрінетін алып мұзтау секілді, оның астарында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтың жылдар бойы қордаланған алуан түрлі түйткілдері жатыр.
    Ұлттық экономикамыздың аса маңызды және мейлінше өзекті салаларының бірі болып саналатын тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы қазіргі уақытта күйкі тірліктен аса алмайтын бейшара халге түсті. Оның Жалпы ұлтық өнімге қосып отырған үлесі өз әлеуетінен әлдеқайда төмен. Шындап кірісер болса, тұрғын-үйлерге қызмет көрсету ісі мен мен коммуналдық инфрақұрылымдарды еліміздегі шағын және орта бизнестің негізгі іргетасына айналдыруға толық мүмкіндік бар. Бірақ бұл салада жеке бастамашылдық пен кәсіпкерлікке жол ашпақ түгілі шикізат экспорттап, шетелден қарыз алу мен жемқорлықтан өзгемен шұғылданбайтын Мәсімов үкіметі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласының өзін де біржола ұмыт қалдырған сыңайлы.
    Қазақстанның Кедендік одаққа енуі бұл салада шиеленісіп жатқан жайттарды одан сайын ушықтыра түсері анық. Халықтың арқасына қазірдің өзінде-ақ қатты батып отырған электр энергиясы мен коммуналдық қызметтер үшін төлемақылар өзімен бірге басқа да бағалардың еселеп өсуіне мұрындық болып отыр. Сөйтіп онсыз да бәсеке қабілеттілігі шамалы ұлттық тауар өндірушілердің еңсесін одан сайын езе түспек.
    2010 жылға арналған Жолдауда халыққа сапалы тұрғын-үй коммуналдық қызмет көрсету басым міндеттердің бірі ретінде көрсетілуі, ал Үкіметке Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты 2020 дейін жаппай жаңарту жөнінде жоспар жасаудың тапсырылуы кездейсоқ емес.
    Сондай-ақ келесі бесжылдықта тұрғын-үй коммуналдық кешенге 300 миллиард теңге бөлінетіндігі жарияланды. Алайда, әуелі тұтас саланың өзін жан-жақты жаңалап алмай бұл ақшаның да ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпейтініне сенім жоқ. Оның үстіне тарифтік және тұрғын-үй коммуналдық мәселелерді шешуге бағытталған қандай жоспар болсын азаматтық қоғам тарапынан белсенді қолдаусыз жүзеге аспайтыны, тек қоғамдық бақылау мен оның тікелей араласуы арқылы ғана бастаған істі соңына дейін жеткізуге болары анық.
    Міне осындай азаматтық бастамашылдыққа түрткі болу үшін «АЗАТ» ЖСДП Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты реформалау жөніндегі ықпалдастық кеңес құрылатындығын хабарлайды. Қоғамдық кеңестің басты мақсаты осы саланы жаңартуға арналған «Жол картасы» мен Жоспарды тыңғылықты дайындауға азаматтық үлес қосу. Қоғамдық кеңес париялық ұйым болып саналмайды, оның құрамына беделді қоғам қайраткерлері мен тұрғын-үй комуналдық саланың мамандары кіре алады.
    Кеңес тарифті реттеу, тұрғын-үй қорын ұстап тұру және коммуналдық кәсіпорындардың қызметін жақсарту мәселелері бойынша тиісті құзырлы органдармен өзара байланыста әрекет етуді көздейді.
    Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты реформалау жөніндегі ықпалдастық кеңесті құрудың бастамашысы ретінде біздің партиямыз Кеңестің қызметі мен құрамы жөнінде кез-келген ұсынысты қарастыруға әзір.
     
       
    "АЗАТ" Жалпыұлттық социал‑демократиялық партиясы - 050000, Алматы қ-сы, Қажымұқан к-сі, 70. Тел. +7 727 296 52 22