Қызметі       
 
 

 
 
 
  • Мәлімдемелер, үндеулер
  • Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар
  • БАҚ жарияланымдары
  • Бастамалар мен заңжобалары
  • Iздеу  
    СIЛТЕМЕЛЕР  
    -
    ОСДП АЗАТ / Қызметі / Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар / 25.10.2011 - Азаматтық қоғам – БАҚ еркіндігі үшін!
    25.10.2011 - Азаматтық қоғам – БАҚ еркіндігі үшін!
      Версия для печати

    БАСПАСӨЗГЕ МӘЛІМЕТ

    Журналистерді қудалау жүйелі сипат алып, қауіпті жағдайға айналды. Мемлекет азаматтардың ақпарат алу және тарату құқығын шектеп, репрессиялық саясат жүргізіп отыр. Азаматтық қоғам өкілдері барша азаматтарды Қазақстандағы БАҚ еркіндігін қорғауға арналған митингіге қатысуға шақырады.

    Тұрақты әрі демократиялық қоғамның кепілі болып саналатын БАҚ еркідігі авторитарлық режимге ұнамайды. Осыған орай Қазақстан билігі сөз бостандығын жөргегінде тұншықтырудың алуан түрлі амалдарын жасап бағуда. Бүгінде «Взгляд», «Голос республики», «Общественная позиция» ("DAT" жобасы) басылымдары, «Guljan.org», «Республика» интернет сайттары, «Stan.tv» интернет-бейнепорталы жүйелі түрде қысымға ұшырап отыр.

    Абақтыға қамалған «Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есергепов сияқты «Время» газетінің тәуелсіз журналисі Геннадии Бендицкиге де темір торға қамалу қаупі төніп тұр.
    Миллиондаған талап-арыз беру, газет тираждарын заңсыз тәркілеу, сот процестері, БАҚ қызметін тоқтату, журналистерге қысым жасау – демократиялық құндылықтарға адалмыз деп күллі әлемге жар салған еліміздің барлық өңірінде  күнделікті жайтқа айналды.
    Біз Қазақстанның барша азаматтарын БАҚ бостандығы мен өздерінің ақпарат алу және тарату құқығын қорғауға шақырамыз.
    Біз барлығыңызды 5 қарашада, сағат 12.00-де басталатын «Сарыарқа» кинотеатрының саябағы маңында өтетін БАҚ бостандығын қолдауға арналған митингіге шақырамыз.
    Алматы, 25.10.11

     
       
    "АЗАТ" Жалпыұлттық социал‑демократиялық партиясы - 050000, Алматы қ-сы, Қажымұқан к-сі, 70. Тел. +7 727 296 52 22