|
| ОСДП АЗАТ / Қызметі / Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар / 02.03.2010 - «АЗАТ» ЖСДП «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР СҮРУІ ҚҰҚЫН ҚОРҒАУ» МАҚСАТЫНДА АЛМАТЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДА МИТИНГ ӨТКІЗБЕК |
 |
| 02.03.2010 - «АЗАТ» ЖСДП «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР СҮРУІ ҚҰҚЫН ҚОРҒАУ» МАҚСАТЫНДА АЛМАТЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДА МИТИНГ ӨТКІЗБЕК |
|
«АЗАТ» ЖСДП «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР СҮРУІ ҚҰҚЫН ҚОРҒАУ» МАҚСАТЫНДА АЛМАТЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДА МИТИНГ ӨТКІЗБЕК
1 Наурыз күні «АЗАТ» ЖСДП Төралқасының отырысы болып өтті. Онда елімізде қалыптасып отырған әлеуметтік-экономикалық жағдай және партияның алдағы бағыт-бағдары талқыланды. Отырыста 2010 жылы 27 наурызда «АЗАТ» Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының съезі мен «қазақстандықтардың лайықты өмір сүруін қорғау» мақсатында жалпыхалықтық митинг өткізу жөнінде шешім қабылданды. «АЗАТ» ЖСДП Төралқасы үкіметтің дағдарысқа қарсы қабылдаған шараларының тиімсіздігі мен әлеуметтік саясатының да күйрегенін атап өтті. Сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық ахуалды сауықтыру, бағалар мен тарифтерді ауыздықтау, Кедендік одаққа енуге байланысты отандық өндірушілерді қолдау туралы «АЗАТ» ЖСДП-ның көптеген ұсыныстарына билік мардымды жауап бермей отыр. Қалыптасқан жағдайды тек қана қазақстандықтардың ерік-жігері мен ашық дауысы өзгерте алады! Ол үшін азаматтардың шерулер мен жиылыстар өткізуге конституциялық құқын (Негізгі Заңның 32 бабы) жүзеге асырудан өзге жол қалған жоқ. Бұл қадам ЕҚЫҰ Төрағасы ретінде Қазақстан басшылығы жиі қайталап айтатын азаматтардың құқтары мен бостандықтары жөніндегі демократиялық құндылықтар пен қағидаттарға толығымен сай келеді. Осыған орай, «АЗАТ» ЖСДП Төралқасы Алматы қаласының әкімдігі мен мәслихатына 2010 жылы 27 наурызда қаладағы Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда (Ұлттық ғылым академиясының алды) «Қазақстандықтардың лайықты өмір сүру құқын қорғау» мақсатында жалпыхалықтық митингі өткізу туралы хат жолдау жөнінде шешім қабылдады.
«АЗАТ» ЖСДП баспасөз қызметі
|
|