Қызметі       
 
 

 
 
 
  • Мәлімдемелер, үндеулер
  • Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар
  • БАҚ жарияланымдары
  • Бастамалар мен заңжобалары
  • Iздеу  
    СIЛТЕМЕЛЕР  
    -
    ОСДП АЗАТ / Қызметі / БАҚ жарияланымдары / 14.03.2007 - Күшті билік, әлсіз радикалды партия бар. Центристік партияның болмауы демократияны партиялық жүйемен дамытуға кедергі болмай ма?
    14.03.2007 - Күшті билік, әлсіз радикалды партия бар. Центристік партияның болмауы демократияны партиялық жүйемен дамытуға кедергі болмай ма?
      Версия для печати

    Сол қанатта қос коммунистік партия бар, оң қанатта «Нағыз Ақ жол» бар. Ал олардын ортасында центристік партия ретінде «Нұр Отан» тұр.

    Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысының төрағасы: – Шет елдегі центристік партиялардың ұзақ жылдық тәжірибесі бар. Әбден қалыптасқан. Өзіндік көзқарас, ұстаным дегеннің бәрі реттелген. Әрине, әу баста олар да центристік бағытта боламыз деп ойламаған. Ал Қазақстанда ондай партияның болғанын өз басым қаламаймын. Себебі қазіргі кезде центристік партия саяси дамуға кедергі, бөгет болатын секілді. Өйткені бүгінде оппозициялық және билік партиялары да саяси реформаны жүзеге асыру, саяси реформаны талап ету жолында жұмыс істеуде. Сондықтан жаңа бір партияның пайда болып, не ары емес, не бері емес болып ортада тұрып алуы, халықтың біраз бөлігін саяси реформалар жасауға қатыстырмай қоя ма деген күдігім бар. Шәріпбек Әмірбек, саясаттанушы: – Егер біз Қазақстандағы партиялардын ұстанған саясатына қарап, солшылдар, оңшылдар және ортадағылар деп бөлетін болсақ, сол қанатта қос коммунистік партия бар, оң қанатта «Нағыз Ақ жол» бар. Ал олардын ортасында центристік партия ретінде «Нұр Отан» тұр. Жалпы, біздегі партиялардын күшеюіне Парламент пен маслихаттар өкілдігінің күшеюі ғана әсер ете алады. Себебі олардың өзін көрсететін жер болмаған жағдайда, олар еш уақытта күшеюі мүмкін емес. Жалпы, Парламентте көп орынға ие болған партия біртіндеп Үкімет мүшелерін тағайындауға, болмаса, басқа экономикалық мәселелерді шеше алатын жағдайға жеткенде ғана саяси партиялар күшейе алады. Осы тұрғыдан келгенде, мәселе олардың түрге бөлінуінде тұрған жоқ. Бастысы, олардын өкілеттігіне байланысты. Демек, «өкілеттік күшейді» деген сөз қоғамда көп пікірлілікті қалыптастырады. Әрбір партия өздерін қолдайтын әлеуметтік топтармен жұмыс жасайды. Екінші жағынан, бұл демократияның дамуына әсер етеді. Әзімбай Ғали, саясаттанушы: – Биліктін күшті екені, абыройлы екені анық. Оппозициялық партиялардың үлкен ықпалға ие емес екені тағы анық. Онымен қоймай, сол оппозициялық партиялардың орысшыл екені тағы бар. Ал осылардың ортасында дәнекер ретінде «Нұр Отан» партиясы тұр. Біздегі партиялардың, барлығының сипаты – социал-демократтық. Бәрі де «мал шашпақ». «Мен билікке келсем, халыққа барлық жеңілдік, барлық жақсылық жасаймын» дегенді айтады. Бізде центристік партия жоқ десем де болады. Ал оның орнына центристік бағыт ұстанған Елбасы мен Үкіметті қоюға болады. Рас, «Нұр Отан» ортада тұр. Дегенмен, ол бар-жоғы дәнекерлік рөл атқаруда.

    Сауалнаманы жүргізген Сейсен Әмірбекұлы "айқын" газеті
     
       
    "АЗАТ" Жалпыұлттық социал‑демократиялық партиясы - 050000, Алматы қ-сы, Қажымұқан к-сі, 70. Тел. +7 727 296 52 22